Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады. 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды.

Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта «Кселл» АҚ, «МТ–С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Одан бөлек, бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын.  Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.

Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...