Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Мұсылмандарға жаңа жыл тойлауға бола ма? ҚМДБ жауабы

Танымал

Ел аузында

Санаулы күндерден кейін Жаңа жыл мерекесі келеді. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде «мұсылмандарға жаңа жыл тойлауға болмайды» деген ақпарат тарап жатыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі мұны қате түсінік десе, екінші бөлігі жаңа жыл тойлауға үзілді-кесілді қарсы. Шынымен де мұсылман халқына жаңа жыл мерекесіне орай дастархан жайып, отшашу атып, тойлауына бола ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Әрбір халықтың діни мерекелерінен бөлек өзіндік ұлттық, отандық мерекесі, әрбір тұлғаның өмірінде орын алатын қуанышты жайттарына арналған күндері болады. Көпшілік асыға күтетін жаңа жыл мейрамы да сол күндердің бірі. Ол әр елде өзінің ұлттық салт-дәстүріне сай тойланады. Дегенмен, мерекенің басты белгілері саналатын безендірілген жаңа жыл шыршасы, жаңажылдық дастархан, сыйлықтар – бәріне ортақ.

Ал ислам діні бойынша негізінен екі мереке бар, олар ораза және құрбан айттары. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлының айтуынша, Құран кітаптың «Мәида» сүресі 48-аятында «Сендерден әрбір (үммет) үшін шариғат және жол белгіледік» деп жазылған.

Дін өкілі ең алдымен үйге шырша қойып, оны безендіру қайдан шыққанын түсіндірді.

«Үйде шырша құру дәстүрі XVII ғасырдың басында Еуропада пайда болған деседі. Ал қазақ жерінде бұл дәстүр Кеңес Үкіметі кезінде орныға бастады. Өткен ғасырдың 20-жылдарында большевиктер «ескі режімнің дәстүрі» ретінде шырша қоюға және жаңа жылды тойлауға тыйым салған болатын, бірақ кейін оған қайта рұқсат берілді. Алғаш рет Кремль шыршасы 1954 жылы орнатылыпты, күні бүгінге дейін сол дәстүр жалғасып келеді. Шыршаны қасиеттеу, ұлықтау адамның діни сенімін бұзуы мүмкін», – дейді маман. 

Елбек Тасболатұлы сөзінше, шырша құрып, оны безендіру мұсылман халқына жат. 

«Ертеде адамдар ағашқа тамақ іліп қойса, аңшылардың қанжығасы майланады деп санаған. Жаңа жыл күні адамның келер жылғы тағдыры шешіледі және шыршаның алдында қандай тілек тілесең, сол орындалады деп сенген. Дегенмен, жаңа жылдың белгісі ретінде үйге шырша құру, оны безендіру бұрын біздің дәстүрде болмаған. Үйіне шырша тігіп, «Аяз ата келіп, сыйлық береді» деп ата-аналар балаларын алдамаған», – деді дін өкілі.

Сондықтан маман әдеп-ғұрпымызда болмаған, шариғатымызда бұйырылмаған жаңа жыл қарсаңында үйде шырша құру әдетінен барынша арылған жөн екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ өкілдері «домбыра – харам» деген даулы мәлімдемеге пікір білдірген еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...