Қазақстанда 22 мың адам жүргізу куәлігінен айырылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда 22 мың адам жүргізу куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Жалпы елдегі қылмыс деңгейі 12 пайызға төмендеген.

Мал ұрлығы дерегі 14 пайызға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыстың беті ашылып, 112 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, мал ұрлаған 614 барымташы ұсталған. Қарақшылық 28 пайызға, тонау 13 пайызға, көшедегі құқық бұзушылықтар 8 пайызға төмендеді.

Республикада 8,2 млн жол жүрісі қағидасын бұзудың жолы кесілді. 20,5 мың «мас» жүргізуші ұсталды.

22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 млн-нан астам бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен полицейлер 9,2 мың қылмыстың бетін ашып, 513 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...