Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қыздарын жаңа жылмен тезірек құттықтағысы келген: Ұлытау облысында ер адам боранда адасып кеткен

Танымал

Ел аузында

Ұлытау облысында боранда адасқан ауыл тұрғыны құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қаңтарда сағат 21.35-те Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне КМG Security күзет фирмасының учаске бастығынан хабарлама түсті. Оның айтуынша, С.Сейфуллин ауылында тұратын 43 жастағы күзетші жоғалып кеткен. Жаңа жыл қарсаңында ер адам С.Сейфуллин ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан «Бестоған» нысанында ауысымда болғаны белгілі болды. 2 қаңтарда сағат 17.00-де ол өзінің ауылына жаяу шығып, қыздарын жаңа жылмен тезірек құттықтағысы келген.

Алайда түстен кейін боран басталып, аяз күшейе түскен. Хабарлама түскен бойда полиция бөлімі іздеу шараларын ұйымдастырды. Адасқан ауыл тұрғынын іздеуге Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері және С.Сейфуллин ауылының тұрғындары жаппай кірісті. Сондай-ақ, техника, жол талғамайтын көліктер, қарда жүретін көліктер тартылды. Сәтті ұйымдастырылған іздестіру шаралары нәтижесінде түнгі сағат 03.00 шамасында ер адам С.Сейфуллин ауылынан 40 шақырым қашықта табылды. Оның айтуынша, боран басталғаннан кейін жол бағдарын жоғалтып, адасып кеткен. Ауылға барар жолды таппай далада 10 сағат тоқтамай жүре берген. Табылған ауыл тұрғыны алдымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды. Дәрігерлер ер адамның жағдайын қанағаттанарлық деп тапты, бірақ бірнеше күн ауруханада болуды ұсынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...