Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

Президент әкімдердің аста-төк дастархан жайып, шоу өткізіп қарсы алуына қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларының салтанатты шаралар ұйымдастырып қарсы алуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбатында айтты. 

– Жұрттың айтуынша, сіз кезінде өңір басшыларына Өзіңізді ұшақтан гүлмен қарсы алуға, аста-төк дастарқан жаюға, думандатып концерт, шоу өткізуге тыйым салыпсыз. Сол рас па?

– Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты. Қазір мұның бәрі тыйылды. Мен облыстарға жұмыс бабымен ғана барамын. Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....