Қазақ ұлттық аграрлық университінен 43,8 млн теңге ұрланды – прокуратура

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен жалпы 43,8 миллион теңге болатын бюджет қаржысы ұрланғаны анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексерген. Нәтижесінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
Келтірілген шығын – 43,8 миллион теңге.

Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.

Тағы бір дерек бойынша университетке тиесілі 7,9 миллион теңге болатын коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданы полиция бөліміне тапсырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...