Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

28.5 C
Nur-Sultan
23.2 C
Almaty
25.9 C
Shymkent

«Партиядағылар ренжитін шығар деп ойладым». Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы «7 арнаға» берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сұхбат берер алдында қалжыңдап, «Мен в Аманате» деп айтқан бейнежазбасы таралып кеткен.

«Жайдарманда осы «Мен в Аманате» дегенді естігенмін. Кейін журналистер келіп, сұхбат беруімді сұрады. Артымда түрлі партиялардың бильбордтары тұрған. Мен «Аманаттың» артында тұрсам, журналист «былайырақ тұрыңызшы» деп өтінді. «Несі бар, мен сол партиядан сайландым ғой» деп жаңағы әнді айтып тұрғанмын. Кешкісін сол айтқанымды бәрі жібереді. Сөйтсем, оператор білдіртпей түсіріп алыпты. «Парламенттегілер ренжитін шығар» деп ойладым. Бірақ, жақсы қабылдады, тіпті «қайдан ойлап таптың?» дегендер де болды», – деді депутат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Дербес кассациялық соттарды құру маңызды

2024 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес,...