Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
22.8 C
Almaty
28.6 C
Shymkent

Такси жүргізушілері мобильді аударымға қойылған шектеуден кейін төлемді қалай қабылдауы керек?

Танымал

Ел аузында

Мобильді аударымға шектеу қойылып, ережелері өзгергеннен бастап еліміздегі такси жүргізушілері жолаушылардан төлемді тек қолма-қол ақша арқылы қабылдап жатыр. Ал қазіргі кезде кез келгеннің қалтасында қолма-қол ақша бола бермейді. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері такси жүргізушілері төлемді қалай қабылдау керегін түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, жеке тасымалдаушылар ең алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

«Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.

Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ету қаншалық заңды екені хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез....