Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Павлодар облысында шетелдік инвесторға 100 миллион теңге салық заңсыз есептелген

Танымал

Ел аузында

Павлодар облысында француз инвесторына 100 миллион теңге салықты заңсыз есептеген шенеунік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Kazakh Invest АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асырған Air Liquide атты француз инвесторының проблемасын анықтады.

Француз компаниясы газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып саналады.

«Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 миллион теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 мәселесін шешті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...