Жоғарғы соттың судьялары қызметінен кетті.
Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кенесінің төрағасы Денис Шипп 4 судья неге қызметтен кететінін түсіндірді.
«Судья Альфия Савинованы мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы 67-ге жетіп отыр. Бәрінің судьялық қызметте үлкен тәжірибесі бар яғни еңбек өтілі – 26 жылдан 40 жылға дейін. Судья Ербол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалды «, – деді ол.
Сенат депутаттары Денис Шипптің ұсынысын қолдады.