Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстан базарларында мафия бар ма? Сауда министрі ойланып жауап берді

Танымал

Ел аузында

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі базарларда қылмыстық топтардың әрекет етуіне жол бермейтінін, бірақ онда заңбұзушылақтар тіркелуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министрге журналист «Фермерлер базарларда өнімдерін сата алмай отырғанына шағымданып жатыр. Өнімдер сөрелерге қойылады. Бірақ онда базар мафиясы бар екен. Осылайша, тауардың бағасы көтеріледі. Салдарын қарапайым халық көреді. Осы мәселеге түсінік берсеңіз» деп сұрақ қойды.

Арман Шаққалиев сауалға ойланып жауап берді.

«Бұрыннан (Базарда мафия болады деген – автор) тұрақты пікір қалыптасқан. Біз Астанадағы (базарларға) барып, ондағы әкімшілікпен және тауар жеткізушілермен кездесеміз. Әдетте сатушылар өзіне тауар жеткізушілерді біледі. Сіз сатып алушы ретінде тауар сатып алуға барғанда кімге баратыныңызды білесіз. Сізге ондағы баға немесе (тауардың) сапасы, қызмет көрсетуі ұнайды. Мұнда да осыған ұқсас процесс.

Бүгінде сауда орындарында қандай да бір (қылмыстық – автор) топтар бар деп айта алмаймыз. Егер ондай фактілер болса, ашығын айтайын, кез келген (қылмыстық – автор) топпен мәселені құқық қорғау органдары және өзіміздің желіміз бойынша шешеміз. Мен мұндай болмайды деп айтпаймын. Ол (қылмыстық – автор) топқа байланысты емес. Ондағы мәселе жосықсыз бәсекеге байланысты. Кейбіреулер ерекше мәртебесін сақтағысы келеді. Өмірде мұндай фактілер болады. Біз оған жауап береміз», – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы жәрмекелердегі әділетсіздікке тоқталды.

«Жеткізушілер аймақта болған жәрмеңкеде орын таппай қалғанын айтып, мәселе көтергенде біздің өңірлердегі департаменттер өте жедел әрекет етеді. Мұндай фактілер бар. Алайда жаппай немесе ұйымдасқан сипатта болады деп растай алмаймын», – деді Арман Шаққалиев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...