Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.5 C
Nur-Sultan
30.5 C
Almaty
33.7 C
Shymkent

Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың отбасына 10 миллион теңге көмек берілді

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы автобус апатынан қайтыс болғандардың туыстарына Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, ақша табыстады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Руслан Өтепбай жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сол оқиғада қайтыс болғандардың ішінде екі отбасыға әрқайсысына 10 миллион теңгеден көмек берілген.

«Бағдарлама барасында уәде еткендей Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, екі отбасыға 10 миллион теңгеден табыстады. Қалқаманда орын алған апаттан құзырлы орган сабақ алуы тиіс! Ал жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған дархан елдің жақсылығы мұнымен таусылмақ емес! Бастысы, марқұмдардың жақындарына сабыр, ұл-қыздардың болашақтарына баянды бақ тілейміз», – деп жазды ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....