Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

15 қаңтарда Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма? Сейсмологтар мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Сейсмология институты мен Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері халық арасында жаппай тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ел арасында жақын арада жойқын жер сілкінісі болатыны туралы хабар тарап жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейсмологтардың болжамына сәйкес Алматыда 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін жойқын жер сілкінісі болмайды.

«Біздің ғылыми орталықта тұрақты түрде зерттеу жүргізіліп жатыр. Жер қыртысы туралы 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжау комиссиясының қорытындысына сәйкес қысқа мерзімді болжам бойынша 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін магнитудасы 5,5 балл болатын жойқын жер сілкінісі күтілмейді. 2024 жылға арналған орта мерзімді болжам қаңтардың соңында дайын болады. Біз мәліметтер базасы бойынша қорытынды береміз, біздің ведомствода он зертхана жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша болжамдар расталды. Тұрғындардан дүрбелеңге салынбауын, сақтық шараларын білуін сұраймыз», – дейді ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Сейсмологтар айтылып жатқан мәлімдемелерде ғылыми негіз жоқ екенін жеткізді. Олар мұндай алып қашпа ақпаратқа сенбеуге шақырады.

«Былтыр да 2023 жылға арналған комиссия қорытындысын жасадық, соған сәйкес магнитудасы 5,5-тен асатын жойқын жер сілкінісі күтілмеді. Көріп отырғанымыздай, бұл болжам расталды. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлер бұл болжамды қалай жасағаны түсініксіз, өйткені оларда қандай да бір арнайы жабдық пен техника жоқ. Олардың мәлімдемелерін негізсіз деп санаймыз. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ», – деді Нұрсәрсен Өзбеков.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтарды «15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады» деген ақпарат шошытқаны хабарланды. 

Сонымен қатар, қанша балдық жер сілкінісі Алматыны қиратуы мүмкін екені айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...