Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.6 C
Nur-Sultan
23.7 C
Almaty
24.9 C
Shymkent

Патрульдік көліктен түк қалмады: Алматыда жол апатынан полицейлер зардап шекті

Танымал

Ел аузында

Алматыда Достық пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алматы полиция департаменті өкілдері істің мән-жайын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 14 қаңтарда сағат 16:10-да Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, Достық даңғылының қиылысында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі С. есімді ер адам есін жоғалтып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. 

«Одан әрі Toyota инерция арқылы тоқтап тұрған Chevrolet патрульдік көлікпен соқтығысты. Зардап шеккендерге – Toyota көлігінің жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады полиция.

Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. Видеода бір көліктің аударылып, ал патруль көлігінің қатты зақымданғаны көрінеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы циркіне 55 жыл

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL»: 16 ел, 55 жылдық дәстүр және Қазақ мемлекеттік цирк аренасындағы бірегей өнер көрсетілімдері Алматы тағы бір мәрте...