Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Сотталған пробация қызметі  талаптарын орындамағаны үшін абақтыға жабылды

Танымал

Ел аузында

Өскемен қаласы Солжағалау ауданының пробация қызметі есебінде «А» есімді азамат тұрады. Ол 13.07.2022 жылы ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі 3 тармағы бойынша 3 жыл  мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған. Үкім заңды күшіне 29.07.2022 жылы енді. Оған ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес келесі міндеттер жүктелген: сотталғанның  мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға  хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырмау,спирттік ішімдік ішетін орындарға бармау. Өскемен қаласы Солжағалау аудандық ПҚ бөлімінің есебіне 08.08.2022 жылы қойылады. Сотталған «А» есімді азаматқа сотпен жүктелген міндеттер мен пробация қызмет бөлімінің талаптары толығымен түсіндіріліп, жазбаша қолхат алынған болатын.  Алайда, пробация қызметі бөлімінің талаптары мен сот үкімінде жүктелген міндеттерді өрескел бұзып және уақытылы тіркеу күніне келмегені үшін ескерту жарияланған. Осыған байланысты пробация қызметі сотталған «А»-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға 08.01.2024 жылы жолданған ұсынысы жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, пробация қызмет бөлімінің ұсынымы қанағаттандырылды.

                                                       Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД

                                                               Солжағалау аудандық

                                                               пробация қызметі бөлімі

                                                               аға инспекторы

                                                               әділет капитаны

                                                                

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...