Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12.4 C
Nur-Sultan
24.9 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Жапондар да жылқы етін тұтынады – министр Шаққалиев

Танымал

Ел аузында

Жапон халқы да жылқы етін тұтынады. Сұраныс болса, 45 өндіруші өнімді Жапонияға жеткізуге дайын отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жапондар жылқы етін тұтынады. Елімізде жылқы етін экспорттайтын 45 өндіруші бар. Олар өз өнімін Жапонияға жіберуге дайын. Қазіргі таңда (жапониялық) әріптесіме (Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзуки) ақпарат беріп, дайындықты көрсеттім. Қытай арқылы контейнермен (Жапонияға жылқы етін) жеткізуге болады, тек Жапониядан сұраныс керек», – деді Арман Шаққалиев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, өткен аптада сауда және интеграция министрі Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзукимен кездескен еді.

Кездесуде қос тарап сауда байланысын нығайту мәселесін талқыға салған.

«Біз қазақстандық өнімдердің экспортын кеңейттік. 204 млн долларға 45 өңделген тауарды жеткізуді одан әрі арттыруға дайынбыз. Қазақстанда ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік хабына айналу үшін барлық ресурс бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, жылқы етін жеткізуде үлкен мүмкіндік бар», – деді Арман Шаққалиев.

2023 жылғы 11 айда қос ел арасындағы сауда айналымы 2 млрд долларға жетті.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает инвесторов принять участие в новых проектах строительства и реконструкции. Инициатива...