Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі: іске қосу мерзімі аталған

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар бір банктің QR-коды арқылы екінші банк қосымшасында немесе құрылғысында төлем жасай алады. Тиісті төлем жүйесін биыл енгізу жоспарланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, QR-код бойынша төлем қызметі қазір бірнеше банкте қолжетімді.

«2024 жылдың аяғында QR-код арқылы банкаралық төлемдерді жүзеге асыру қызметін іске қосу жоспарланған», — делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Баспасөз қызметі жаңа жүйе енгізілгеннен кейін азаматтар бір банк қосымшасынан екінші банк қосымшасы/құрылғысы арқылы QR төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болатынын түсіндірді.

Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылы біртұтас QR-код жүйесіне көшу жоспарланып жатқаны айтыла бастаған болатын. Содан кейін, Сауда және интеграция министрлігі мәліметі бойынша, QR-кодтарын стандарттау жұмыстары басталған, осылайша клиенттер сатып алу ақысын қазақстандық барлық банктермен жұмыс істейтін бір терминал арқылы төлей алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...