«Кең ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бөлімшелері мен ұйымдарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Түркістан, Жамбыл қалалары әкімдіктерінің тұлғалары арасынан шыққан қылмыстық топтардың әрекеті анықталды. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында мұндай әрекеттердің жолы кесілді», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының елордадағы көмекшісі Шыңғыс Әлекешев.
Оның айтуынша, қылмыстық топ мүшелері субсидияға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, сонымен қатар кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара және заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған.
«Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, заттай айғақтар алынды, 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде қылмыстарын мойындап, тергеуге көмектесетін болады. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ», – деп қосты ол.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің бірнеше қалалары мен аудандарында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Барлық қамауға алулар ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлаумен байланысты.