Елімізде алдағы үш күнде 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Одан бөлек, екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Артынша, суық солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы едәуір төмендеуі мүмкін.

Мәселен, солтүстік-батыста түнде 5…15 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10…20 градусқа дейін, оңтүстікте 3…13 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 градусқа дейін аяз күтіледі. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...