Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.6 C
Nur-Sultan
24.4 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған

Танымал

Ел аузында

ҚР Әділет министрлігі алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастағанын ескертті. Бүгінде өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүрген алаяқтар пайда болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етіп жүр. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (АІЖО ААЖ) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы алуыңызға болады.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...