Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қарағандыда 328 млн теңгеге жоқ жолды жөндемек болған

Танымал

Ел аузында

328 миллион теңгеге іс жүзінде жоқ жолды ағымдағы жөндеуге арналған конкурс жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгеден асатын іс жүзінде жоқ «Ақжарық-Аппаз» тас жолын ағымдағы жөндеуге ашық конкурс өтпей қалды.

Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды.

«Автомобиль жолдары туралы» заңның 1-бабына сәйкес автомобиль жолын ағымдағы жөндеу – автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені, сондай-ақ жыл бойы жүргізілетін автомобиль жолдарын жедел қалпына келтіру және жөндеу, оның ішінде маршруттық әдіспен жүзеге асырылатын қираған учаскелерді жөндеу шаралары.

Тиісінше биыл жөндеу жұмыстары қолданыстағы тас жолда жүргізілуі керек.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тас жол салуға әрекеттенген.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары олар бойынша мемлекеттік сатып алулар Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің» тізбесіне енгізілген.

Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған.

Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...