Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Жаңаөзендегі кен орнында жұмысшы қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мердігері «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС қызметкері қаза тапты. Оқиға 2024 жылғы 27 қаңтарда болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат 2024 жылғы 29 қаңтарда түскенін хабарлады.

«Оқиға 2024 жылғы 27 қаңтарда Жаңаөзенде болды. Жұмысшы ауыр дене жарақаттарын алды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр», – деп хабарлады ведомство.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкердің өліміне қатысты түсінік берді.

«27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болып, мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы қаза тапты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады компания. 

«МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек беруге дайын екенін жеткізді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылында орналасқан отбасылық денсаулық орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік...