Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Жетісай аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерін тексеру басталды

Танымал

Ел аузында

Облыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды.

Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн.теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...