Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті.

Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді.

Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін!»

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...