Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

ШҚО-да 3 әкім жауапқа тартылды

Танымал

Ел аузында

Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасасу фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнама егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 3 000 еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасы).

Алайда жекелеген әкімдер сатып алу кезінде бір ғана жұмыстың құнына тоқталып (3000 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың біртектілік жайлы қойылатын талаптарды әдейі елемеген.

Мысалы, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты аталған әдіспен қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27,2 миллион теңгеге 3 шарт жасасқан. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте жалпы құны 3000 АЕК-тен асқанын ескере отырып, бұл сатып алулар бәсекелестік ортада жүзеге асырылуы тиіс болатын.

Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі бойынша әрқайсысы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...