Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

«Нұрлан Сабуров пен Тина Канделаки» арасындағы жанжал: сарапшы аудиожазбаны тексеріп көрді

Танымал

Ел аузында

Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Онда журналист әзілкешке «өзін және Ресейді жақтайтын» пікір білдіруді талап етеді. Бұл аудиожазбаға сарапшы баға берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нейрон желілері саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан аудиожазба фейк екенін айтты. 

«Әрине, бұл – фейк. Бірнеше нейрон желілері бар: Heygen, Elevenlabs, олардың көмегімен бір минутта кез келген дауысты «клондап» және кез келген әңгімені келтіре аласыз. Қазір көптеген жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген контенттің арнайы белгісі болуы керек деген заң жобасы жасалып жатқанын білемін. Егер белгі болмаса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Менің білуімше, біздің Парламентте де осындай мәселе талқыланды», – деді Маутан.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында «Қазақстанда орыс тілі баяу түрде ығыстырылып жатқанын» айтып, жазба жариялады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар станция атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...