Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Көкжиегі тар адамдардың ойы». Спортшылар пилондағы спортты «стриптизге теңеген» депутатқа жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның әуе-спорттық эквилибр бойынша федерациясы өкілдері депутат Таңсәуле Серіковтың сауалына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты, паралимпиадашы Таңсәуле Серіков жуырда ғана Туризм және спорт министрлігі паралимпиадалық спорт түрлеріне қолдау көрсетпейтінін айтып, сынаған еді.

«Қарағандыда үш дүркін әлем чемпионы Никита тұрады, соңғы рет Дубайға сапарында бүкіл халықтан қаржы жинап барып, чемпион атанды. Олимпиадалық емес спорт түрлерін қолдаймыз, жақсы, жарайсыздар. Ал мүгедектер тоқалдан туды ма? Бірде-біреуіне қолдау көрсетілмейді. Мүгедектер де спортпен шұғылданғысы келеді»- деді депутат.

Сонымен қатар, ол өзі де жүзуден Паралимпиада біріншілігінің қола жүлдегері екенін, дегенмен өз қаржысына жарыстарға қатысқанын айтқан еді.

«Мүгедектер де адамдар, олар да алтын әкеледі. Нидерланды бір жыл ішінде Олимпиадаға 41 миллион доллар жұмсайды, елге 36 медаль әкеледі, оның 10-ы алтын. Қазақстанда 775 миллион доллар жұмсаймыз, бірақ 8 қола медаль әкелеміз. Паралимпиадамен салыстырыңыз. …Біздің пара велосипедшілерімізді саусақпен санауға болады, бірақ оларға велосипед сатып алып бере алмаймыз. Велосипед Қазақстанға жеткенше, оның бағасы 9 миллионнан 36 миллионға дейін өсіп кетеді. Содан кейін оған бүкіл ел болып жинап береміз. Бірақ бұл ретте мемлекет стриптиз көрсетілетін спорт түріне ақша бөледі», – деген еді ол.

Ал пилондағы спорт дегеніміз – гимнастика, акробатика, хореография және актерлік элементтерді біріктіретін спорт түрі.

Депутаттың мәлімдемесінен кейін осы саладағы спортшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, Таңсәуле Серіковке шара қолданылуын сұрады.

«Пилондағы спорт стриптизге тең емес. Бұл – көкжиегі тар адамдардың ойы. Пилондағы спорт – көп уақытты, күш пен төзімділікті қажет ететін спорт. …Біздің федерациядағы спортшылардың басым бөлігі – кәмелет жасына толмаған балалар. Олар – халықаралық, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері. …Құрметті Президент осы мәселені шешуіңізді сұраймыз және балаларымыздың, спорттың қорғалатынына сенеміз», – деді Қазақстанның әуе-спорттық эквилибр бойынша федерациясы өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...