Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қандағы холестерин деңгейін реттейтін сусын аталды

Танымал

Ел аузында

Диетолог Наталья Денисова «Аif»-қа қандай сусын деменция және басқа да мидың дегенерациялық ауруларының даму қаупін төмендететінін, сондай-ақ холестерин деңгейін қалыпқа келтіретінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл какао сусыны. Дәрігердің айтуынша, күніне бір-екі кесе какао ішу ми жұмысы мен есте сақтауды жақсартуға көмектеседі. Ол әсіресе 65 жастан асқан адамдарға пайдалы. Яғни, какао жүйке жүйесінің дегенерациялық ауруларын, соның ішінде Альцгеймер ауруын алдын алады.

Какаода полифенолдар тобына жататын антиоксиданттар бар. Олар мидағы ұсақ қан тамырлардың жұмысын жақсартады. Полифенолдар қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді, жасушалар қабырғаларының жағдайын және қанның реологиялық жағдайын жақсартады, яғни қанды сұйық күйде ұстап тұруға көмектеседі. Бұл дегеніміз ол қан ұюының алдын алады.

Еритін емес, табиғи какао ұнтағынан дайындалған сусын пайдалы. Оған қоса, осылай дайындау кезінде қант мөлшерін, кілегей немесе сүт майлылығын өзіңіз бақылай аласыз.

Алайда какаоны ішуге болмайтын адамдар бар. Мысалы, тұз байлану ауруы (подагра) бар адамдар. Какао қандағы несеп қышқылын арттырады және ол осы аурудың асқынуына әкелуі мүмкін. Артық салмағы бар адамдарға бұл сусынды көп ішуге болмайды. Себебі какао калориялы өнім. Оны майлы сүт және қант қоспай дайындаған пайдалы.

Ал гастрит, аш ішек жаралы ауруы бар адамдарға какаоны сиыр немесе ешкі сүтімен ішкен жөн. Ол жұмсартушы әсерге ие, асқазан шырыштысын тітіркендіргіш әсерден қорғайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы проходят новогодние праздничные мероприятия

В Алматы проходят новогодние праздничные мероприятия при поддержке Акимата города Алматы. Артисты Казахского государственного цирка» радуют своими яркими выступлениями...