Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Ақтөбе облысында бір табын жылқы аяздан үсіп өлген

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Ақсу ауылының маңында бір табын жылқы қатты аяз бен қардан үсіп өлді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «24KZ-ке» сілтеме жасап.

Кейбір жерлерде қар жамылғысының биіктігі бір метрден асты. Мамандардың айтуынша, бұл бірнеше ондаған жылда бір рет болады. Ауыл тұрғындарын әлі көптеген қиындық күтіп тұр.

Қатты көктайғақ пен жоғары қарлы боран малшылардың өмірін қиындатты. Жеке шаруашылықтардың бірінің бір табын жылқысы ауа райының құрбаны болды.

Ауыл тұрғындары жемді тікелей жайылымға жеткізіп жатыр. Олар көктем түскенге дейін шөп қоры жеткіліксіздігінен мал жаппай қырылуы мүмкін деп алаңдайды.

Бірақ сарапшылар алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. 

«Мұндай табиғи құбылыс 15-20 жылда бір рет байқалады. Әрине, қиын. Бірақ малдың жаппай қырылуына ешқандай себеп жоқ. Өңірде жем – шөп жеткілікті, 3 млн тоннаға жуық шөп жиналды, құрама жем қоры да жеткілікті», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимуратов.

Алайда, синоптиктердің болжамы әлі де көңіл қуантарлықтай емес. Қар аралас жаңбыр жауғаннан кейін бүкіл облыс бойынша көктайғақ болады деп күтіліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...