Рудныйда байланыс операторлары сапасыз интернет үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рудный қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.
Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.