Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Бір топ қайырымды азаматтар мемлекет тарапынан алғысқа бөленді

Танымал

Ел аузында

Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Себебі, халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Сондықтан да қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр. Осы орайда жақында қайырымдылықпен айналысып жүрген Ел Жанашыры мен Ұлт жанашырларына Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Тынымбайұлы ерекше алғысын білдірді. Қайырымды жандарды атап өтсек…

Ел Жанашыры, меценат, қоғам қайраткері, “Намыс” төс белгісінің иегері Асанова Замзагүл Ермековна. Жақында Ұлттық кітапхана ұжымының Президентің әкесі Кемел Тоқаевтың 100-жылдығына орай ұйымдастырған көрмеге жолдасы Ғани Мырза екеуі 1,5 млн қаржы бөлді. Сондай-ақ жыл сайын еліміздің түкпір түкпірінен жиналған үздік оқитын балалар шыршасында өзінің мейірімді әрекетімен көзге түсті. Аталмыш шараға отбасы атынан 2-млн теңге қаржыны сыйлыққа бөлді. Қайырымды істерімен ерекше көзге түсіп жүрген отбасыға еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тілейміз!

Тағы бір атымтай Жомарт жан Өтегенов Ғалымбек Сапарбергенұлы. Кәсіпкер, меценат, Ұлт жанашыры. Қайырымдылық істері үшін, «Алтын Жүрек» номинациясын иегері атанған қайырымды жан. Өзі Түркия елінде тұратын болғандықтан, ай сайын Түрік еліне емделуге келетін мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне, 1 млн қаржы аударып отырады. Жақында балаларға арналған үлкен шараға да өзінің көмегін көрсетті.

Жүрегі жұмсақ жандар Айгерім Нурадинқызы мен Айнур Нурадинқызы. Апалы сіңлі бауырлар. Ел Жанашырлары логопед, психолог маман иелері. Жеке логопед орталықтары бар, көптеген жағдайы өте төмен отбасылардың балаларын тегін қабылдап, қайырымды істерімен ерекше көзге түсіп жүрген азаматшалар. Балаларға арнап қазақша оқулық шығарып, өз аттарынан жеке жеке 1млн қаржылау көмек көрсетті.

Түсіпбек Гүлмира да балаларға арналған шараларға бей жай қарай алмайтын жандардың бірі. Ел Жанашыры, кәсіпкер, «Батыр Шапағаты» төс белгісінің иегері. «Kemel zhaStar» академиясының негізін қалаушы. «Алтын жүрек» иегері. Көптеген балаларды сайыстарға қатыстырып, тегін өз көмегін көрсетіп жүрген Ел Жанашыры. Жақында балаларға арналған іс-шараға өз атынан 800 мың теңге қаржы бөлді. Балалардың атынан сізге үлкен алғыс білдіреміз.

Балалар мәселесіне бай жай қарай алмайтын Асқар Қаламқас Асқарқызы. Ерекше балаларға арналған сауықтыру орталығының басшысы. Мүмкіндігі шештеулі балаларға тегін көмек беріп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ай сайын қарттар үйіне барып, ерекше көңіл күй сыйлап жүрген Ел Жанашыры. Жақында балаларға арналған шыршаға өз атынан 750 мың теңге қаржы бөлді. Қаламқас Асқарқызы өзі ерекше баланың анасы болғандықтан, көп аналарға да көмек беріп отырады. Жақында «Аманат» партиясының мүшесі ретінде, ерекше балалары бар аналарға арнайы шара ұйымдастырып, көңілін аулады.

Серік Гүлмира Ел жанашыры, “Намыс” төс белгісінің иегері медицина орталығының негізін қалаушы. Жақында «Аманат» партиясының мүшесі ретінде жағдайы төмен отбасыларға азық- түлікпен көмек берді. Ай сайын орталығына келген мұқтаж жандарға тегін көмек беріп тұрады. Үлкен балаларға арналған іс шараға өз атынан 750 мың тенге қаржы бөлді.

Айнұр Әкімжанқызы балалар дәрігері ортопед-травмотолог. Еліміздегі көптеген балаларды операциясыз емдеген тұңғыш дәрігер. талай балаларға тегін массаж жасап жүрген жан осыған дейін, «Алтын жүрек» иегері атанған болатын. Жақында балаларға арнап қазақша оқулық шығарып, балаларға тегін таратылуына себепкер болды. Өз кәсібінің атынан балаларға арналған шараға 800 мың тенге қаржы бөлді.

«Қуантсаң баланы қуант» дейді атам қазақ. Ендеше балалардың риясыз көңіліне сай әрекет етіп жүрген бұл жандардың қай қайсысы болмасын алғыс пен марапатқа лайық! Балаларды қолдап, қорғауға әзір осынау жандардың әрқайсысына алғысымыз зор!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...