Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Мейрамхана тамағынан уланып қалсаңыз, не істеу керек? Заңгер кеңесі

Танымал

Ел аузында

Кейде мейрамхана тамағынан уланып, ауырып қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда өз құқығыңызды қалай қорғай аласыз? Бұл сұраққа заңгер Надежда Гельдт жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Ең алдымен дәрігерге, содан соң мейрамханаға барыңыз

Маманның айтуынша, бірінші кезекте дәрігерге қаралу керек. Дәрігер сіздің басқа себептерден емес, нақты тамақтан уланғаныңызды растауы керек.

«Содан соң тамағынан уланып қалған мекемеге жазбаша наразылықпен бара аласыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 16-бабына сәйкес, сіз тұтынушы ретінде денсаулығыңызға келтірілген залалы өтетуге құқығыңыз бар, мысалы, ол медициналық тексеріс пен медикаментозды емнің сомасы», – дейді заңгер.

Топтық улану болғанын анықтаңыз

Санитарлық қызметтер бір улану факті бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізбейді. Алайда егер топтық улану болса, санитарлық қызметке тексеріс жргізуін сұрап өтініш жазуға болады.

Егер мейрамхана әкімшілігі шағымға мән бермесе, не істеу керек?

Егер сотқа дейін реттеуге мекеме әкімшілігі еш әсер бермесе, сотқа беруге болады. Заңгер талапқа сол мекеменің тамағынан соң денсаулығыңызда қандай проблема болғанын және ақшалай өтемақының сомасын көрсетуді ұсынады.

«Талапқа төлемнің чегін және улануды растайтын медициналық қорытындыны бірге беріңіз және сондай-ақ куәгерлерді шақыруды ұсынамын», – дейді заңгер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...