Алматылық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты

Танымал

Ел аузында

Алматыда «Qamqor Charity» ҚҚ волонтерлері демалыс күндері қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шәй мен тіскебасар таратты.

–  Қаланың тазалығын сақтайтын  қызметкерлер таң атқаннен кешке дейін күннің ыстық, суығына қарамай жұмыс жасайды. Сол үшін біз демалыс күндерін өзімізге және қоғамға пайдамыз тисін деген ниетпен осындай акция ұйымдастырдық.  Қызметкерлердің еңбектерін елеп, бір сәтке болсын қуантқымыз келді, — дейді жастар.

Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер белсенді жастарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді

–  Күн суықта кішкене денемізді жылытып,  көңілімізді көтеріп кетіп жатқан волонтерларға көп рақмет айтамыз. Осының өзі күш береді, — деді қызметкерлердің бірі.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы қаламызда тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...