Арыстанбек Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыру сұралды

Танымал

Ел аузында

Астанада Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысы барысында прокурор Мұхамедиұлына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев Мұхамедиұлын Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Олардың ішінде қылмысты ұйымдастыру, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету, ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетті ктерді теріс пайдалану, қылмысқа оқталу және рейдерлік әрекеттер бар.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтелсін», — деді Хайруллаев.

Сонымен қатар, прокурор Мұхамедиұлының серіктестері үшін түрлі жаза тағайындауын сұрады. Экс-шенеуніктен басқа алты адам жауапқа тартылып жатыр.

Еске салайық, 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім шығарды. Ол аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция...