Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Қазақстандық компаниялар ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларына ұшырады

Танымал

Ел аузында

Еуроодақ Ресейге қарсы он үшінші жеке және экономикалық санкциялар пакетін қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Кеңес Ресейдің Украинаға қарсы соғыста әскери-өндірістік кешенін тікелей қолдайтын 27 жаңа ұйымды қосты. Бұл ұйымдардың кейбірі үшінші елдерде орналасқаны, олардың тізіміне Қазақстан да кіретіні атап өтілді. Басқа елдерге Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Таиланд және Түркия кіреді.

Баспасөз хабарламасындағы мәлімет бойынша, осы елдердің компаниялары сауда шектеулерін айналып өтуге тартылған, ал басқалары Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электрон компоненттерді әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге қатысатын ресейлік ұйымдар.

«Оларға қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық тұрғыдан нығайтуға ықпал ететін тауарлар мен технологияларға экспорттық шектеулер күшейтіледі», – делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы ЕО шектеу шаралары қазіргі уақытта 2 мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...