Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.4 C
Nur-Sultan
23.5 C
Almaty
31.5 C
Shymkent

Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па?

Танымал

Ел аузында

Рамазан айының келуіне екі апта уақыт қалды. Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал. Алла Тағала былай дейді:

«Білсеңдер сендер ушін ораза ұстауларың абзал».

Сапарда рұқсатты пайдаланып аузын ашқаны ушін сауапқа ие болады. Ал оразаны ұстаса, одан көбірек сауапқа кенеледі. Егер ораза ұстауы езіне немесе жолсерігіне қиындық тудырса (яғни жолсеріктерінің ауыздары ашық болып, бірге ішіп-жесе) аузын ашуы абзал.

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталатынын жазған болатынбыз. Ал Қадір түні 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт 10 сәуірде болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...