Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
20.5 C
Almaty
29.3 C
Shymkent

Ақмола облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырды деген күдікке ілінді – прокуратура

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 миллион теңгеден аса жалақыны негізсіз алып келгені анықталды», – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша, Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде жымқыру») бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...