Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Танымал

Ел аузында

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс Астана сотына түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаны туралы ақпарат пайда болды.

Айта кетейік, 16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Кейін «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» – 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...