Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

СІМ тәліптердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тәліптердің биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға Қазақстанға шақырылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында Василенко журналистерге «Талибан» сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Азизидің келетінін растады.

«Шынымен де, ол биылғы 13-14 маусымда елордамызда өтетін халықаралық Астана форумына шақырылып отыр. Бүкіл «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамағаны сияқты, бұл мырза БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамаған», – деді министрдің орынбасары.

Роман Василенконың айтуынша, бұл адам бұған дейін Қазақстанға бизнес-форумға қатысу үшін келген. Роман Василенконың айтуынша, қазіргі уақытта тәліптерді халықаралық қауымдастық, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлі мойындаған жоқ.

«Алайда бұл ел (Ауғанстан – еск.) біздің аймақтық көршіміз, сондықтан аймақтағы көптеген елдер, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, тек Қазақстан ғана емес, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқа да мемлекеттер онымен қарым-қатынас орнатып жатыр», – деп түйіндеді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...