Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Қазақстанда үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіру ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Сенатор Андрей Лукин Қазақстандағы үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды. Ол өз ұсынысын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор халықты қауіпті және контрафактілік өнімдерден қорғау бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығын мәлімдеді. Андрей Лукиннің айтуынша, Қазақстанда мұндай өнім айналымының негізгі проблемасы техникалық реттеу жүйесінің тиісінше жұмыс істемеуі болып табылады. Оны шешу үшін парламентарий техникалық реттеу және метрология, тұтынушылардың құқығын қорғау, сауда комитеттерін өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауға және тұтынушылардың құқығын қорғауға жауапты болатын бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды.

«Ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу мониторингі жүйесін құру маңызды. Ол үшін техникалық реттеу жүйесін жедел цифрландыру, кедендік реттеу, салық салу, мемлекеттік сатып алу, маркетплейстердің тізілімдерімен және дерекқорларымен интеграциялау қажет. Нарық қатысушыларының жауапкершілігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру қажет, атап айтқанда – әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату қажет. Техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және олардың кедендік реттеу процестері және басқалармен өзара байланысын қадағалау керек», – деп ұсынды Лукин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...