Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Маңғыстау облысында есірткі әсерін күшейтетін дәрі рецептісіз сатылған

Танымал

Ел аузында

Маңғыстау облысында есірткі әсерін күшейтетін дәрі рецептісіз сатылған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында лицензиясы жоқ дәріхана, сондай-ақ, мерзімі өткен дәрілерді сақтау, «Тропикамид» дәрісін үлкен көлемде (45 мыңнан аса қаптама) рецептсіз сату деректері анықталған.

Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфория алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған орай облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

«Тексеріс нәтижесінде дәріхана иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3-бөліктері (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...