Арқалықта 12 жеке тұрғын үйді су басты

Танымал

Ел аузында

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қардың қарқынды еруі салдарынан Арқалықтың бірнеше ауданын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, 20 аула аумағы, соның ішінде 12 тұрғын үй су астында қалды. Төтенше жағдай Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде болған.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік Ақтөбе облысындағы еріген қар суы бойынша жағдай тұрақты деп мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Ерубай Рәт үшін әр күн – үлкен жауапкершілік пен...