Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 10 млн теңге, қаладағы медициналық мекемелерге орналасқан дәрігерлерге 5 млн теңге көлемінде жәрдемақы беруді жоспарлап отыр. Басқарма басшысы Жансеңгіров Арман Серікұлы биылғы жылы 70 маманға жәрдемақы беру қарастырылғанын айтты.
-Бүгінгі күні Жетісу облысына 186 маман қажет. Бірақ биылғы жылы арнайы комиссияның шешімімен бекітілген аса тапшы 70 бейінді маманға яғни, ауылға жұмысқа орналасқан жас маманға 10 млн теңге, қалаға жұмысқа орналасқан маманға 5 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Жәрдемақыға үш ай сынақтан өткеннен кейін қол жеткізе алады. Сынақ мерзімі аяқталған соң мекеме басшысының ұсынысын денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен құрылған арнайы комиссия қарастырады. Комиссияның шешімінен кейін үміткерге жәрдемақы берілетін болады. Қай аудандарға қандай бейінді мамандар қажет екені туралы толық ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының сайтынан көруге болады, – деді басқарма басшысы.
Облысқа қажетті мамандар қатарында анестезиолог- реаниматолог (12), акушер гинеколог (13), жалпы тәжірибелі дәрігер (21), невролог (7), хирург (4), гематолог (1), патологоанатолог (1), травматолог (9), фтизиатр (1), жақ-бет хирургі (1) бар.
Айта кетсек, Денсаулық сақтау басқармасы жас мамандардың біліктіліктерін арттыру курстарын жиі ұйымдастырады. Өткен жылы 600-ден астам медицина қызметкері білімдерін жетілдіру курстарынан өтті.
Сонымен қатар мамандарды жергілікті әкімдік грантымен оқыту қарастырылған. 2023-2024 оқу жылында 45 резидент-дәрігер әкімдік грантын иеленді.
Бүгінгі күні Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарда 2000 мыңға жуық дәрігер жұмыс істейді.
Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі