Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

«Сұмдық жағдай»: Алматы полициясы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзіне қол салған оқушысының ісіне қатысты түсінік берді

Танымал

Ел аузында

Алматы полициясы өзіне қол салған 8 сынып оқушысына қатысты істің тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тергеу оқиға болған күні дереу қолға алынды. Істі Бостандық аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр. 8 сыныптың оқушысы. Сұмдық жағдай. Бала отбасының тұңғышы, одан бөлек 3 баласы бар. Болған жайт туралы жұртшылық біледі деп ойлаймын. Оқиға туралы бірнеше күн бойы БАҚ пен әлеуметтік желіде айтылды. Іс қаралып жатыр», – деді Алматы қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, 27 қазанда сабақтан тыс уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің сегізінші сынып оқушысына қатысты қайғылы жағдай болды.

Бостандық аудандық полиция басқармасы істі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Кейін суицид жасаған оқушының ата-анасы мектеп басшылығына, куратор мен психологқа ешқандай шағымдары жоқ екенін мәлім етті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...