Тоқаев Қанат Сейдгапбаровты қызметінен босатты

Танымал

Ел аузында

Қанат Сейдгапбаров қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қанат Сейдгапбаров 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары заң және экономикалық білімі бар.

2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген. 2001-2016 жылдары Бас прокуратурада, кейін соның ішінде департамент бастығы болған. 2016-2019 жылдары Президент әкімшілігінде Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2019 жылғы 24 сәуірде Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Қауіпсіздік кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...