Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.1 C
Nur-Sultan
36.6 C
Almaty
38.1 C
Shymkent

«Шеврон» Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөледі

Танымал

Ел аузында

Алматы, Қазақстан – 2024 ж. 8 сәуір – «Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанғасу тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақтыкөмек беруге дайын, – деді «Шеврон» Еуразиябөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. – Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз етуүшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымасқолдауын білдіреді».

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

Нәзия Жоямергенқызы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...