Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23.6 C
Nur-Sultan
21.1 C
Almaty
24.4 C
Shymkent

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні жедел жәрдем шақырудың орнына хабарласқан көріпкел 1,5-2 жылдан бері Шымкентте тұратынын айтты. 

«Бизнеске қатысты сұрақтарға байланысты хабарласып тұратынмын. Оның медициналық білімі бар-жоғын білмеймін. Оған сенетінмін», – дейді Бишімбаев. 

Сонымен қатар, экс-министр қайғылы оқиға болған түні неліктен басқа қалада жүрген көріпкелге хабарласқанын түсіндірді. 

«Сіз (адвокат) Салтанат медициналық көмекке зәру болып жатқанда дейсіз. Менің түсінігімде ол (Салтанат) ұйықтап жатқан болатын. Мен оған (көріпкелге) сенгенмін деп айттым. Бетінде сол жағында көгеріп тұрған жер үлкейе бастады. Ол қайдан шыққанын сұрайын дедім. Көріпкел «бәрі дұрыс, кешке дейін ұйықтасын, шаршаған ғой» деді», – дейді Бишімбаев.   

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...