Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қолайсыз метеорологиялық жағдай: синоптиктер ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет Алматы және тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2024 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында, түнде Атырауда ауа ластануының салдарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Реклама

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 18 сәуірге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

«Республиканың көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін кең антициклон әсер етеді, тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жауын-шашын сақталады. ҚР бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі», – деді метеорологтар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...