Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Рақымшылықтан кейін елде қылмыс саны өсіп кетпей ме?

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланды.

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаттары тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылық елдегі қылмыс деңгейіне қалай әсер ететінін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұрақ-жауап барысында депутат Әмірхан Рахымжанов қоғамда рақымшылық елдегі қылмыстың өсуіне қалай әсер етеді деген алаңдушылық барын айтты.

«Рақымшылық бойынша сотталғандардың бостандыққа шығуы қылмыс деңгейінің артуына алып келмей ме? Өйткені бостандыққа шыққандар тағы да заң бұзуы мүмкін ғой. Полиция органдары осы бағытта қандай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр?», – деп сұрады ол ішкі істер министрінен.

Ерлан Тұрғымбаев рақымшылыққа қылмысы аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар ілігетінін атап өтті.

«Біріншіден, босатылғаннан кейін пробациядағы қызметкерлер, учаскелік инспекторлар оларды профилактикаға қояды. Екіншіден, жұмыс мәселесін шешеді, бәрін жұмысқа орналастыру керек. Ал енді бағынбаса, заңды түрде нормалар бар, соған сүйеніп тағы жауапқа тартамыз», – деп жауап берді министр.

Бұған дейін ІІМ басшысы рақымшылық туралы заң жобасына сәйкес, 2 236 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді. Соның ішінде 1 мың тұтқын түрмеден босатылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...