Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Су тасқыны: 8 өңірде төтенше жағдай режимі әлі сақталып отыр

Танымал

Ел аузында

Су тасқыны болған 8 өңірде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі әлі алынбады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Осы аптада Атырау облысында су тасқыны қалыпты кезеңі болады. Қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Маханбет аудандарында су бекеттерінде қалыпты белгілерден асып түсіп отыр. Өңірде тиісті бөгеттерді күшейту жұмыстары жалғасуда. Барлығы осы өңірде 500 шақырымнан аса бөгет салынды», – деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ кейбір өңірлерде төтенше жағдай режимі әлі сақталып отыр.

«Еліміздің 8 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі әлі сақталып отыр. Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі көлік қатынасы орнаған жоқ. Олар азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. 3 өңірде 10 күйдіргі көмілген жерлерді су басқан болатын. Қазір тиісті қызметтер жергілікті жерлерде жедел дезинфекциялық іс-шараларды жүргізіп жатыр», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Ол су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге 7 мыңнан аса адам, 1900 техника, оның ішінде 6 әуе кемесі жұмылдырылғанын атап өтті.

«Су басқан аймақтардан 119 мыңнан аса адам эвакуацияланды, оның 44 мыңы балалар. Бүгінде өз үйлеріне 55,6 мың адам оралды. Эвакопункттерде шамамен 5 мың адам қалды, туыстарында 58 мыңнан астам адам орналасқан.

Су тасқыны жағдайының қорытындысы бойынша елімізде 12 908 тұрғын үй су астында қалды, оның ішінде 3 өңірде (Ақтөбе (144 үй), Атырау (14) және Солтүстік Қазақстан (106) облыстарында 264 үй әлі де су астында.

Сондай-ақ 25 921 саяжай учаскесі су астында қалды, онда 18 025 саяжай үйі бар (6016 үй зардап шеккендер үшін жалғыз тұрғын үйі болып саналады. Қазір зардап шеккен үйлерді және саяжайларды талдау, бағалау жұмысы жалғасып жатыр. Келесі аптада тиісті шығын сомасы белгілі болады», – деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, бүгінде 20 мың 600 отбасыға 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) көлемінде біржолғы төлем төленген. Қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге.

«680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362,5 млн теңге сомасында өтемақы алды. 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы алды. Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...